Жекпе-жектен кейін Геннадий Головкин Қазақстан президенттігіне сайлауда дауыс берді

10 маусым, 12:52

Геннадий Головкин жекпе-жектегі жеңісінен кейін кейін президенттік сайлауда дауыс берді. Бұл туралы ол инстаграм желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Өз азаматтық борышымды орындадым", - деп жазды фото астына боксшы. GGG АҚШ-та дауыс берді.

Сайлау учаскелері Нью-Йоркте және Вашингтонда ашылды. АҚШ-тағы сайлау учаскелері Қазақстанмен уақыт айырмасынан кейін ашылды. Стив Роллсті жеңгеннен кейін Геннадий сайлау учаскесіне барған.