Желіде пайда болған видеодан кейін балабақшада тексеру басталды. Оқиға Красноярскіде балалардың серуендеуі кезінде орын алған. Кадрда бірнеше баланың бір тәрбиеленушіге жабылғанын, тәрбиеші бұған самарқаулық танытқанын байқауға болады.
"Аталған факті
бойынша Ресей Федерациясы Краснояр
өлкесі бойынша тергеу комитетінің
тергеу органдары тексеру жүргізіп,
нәтижесінде процессуалдық шешім
қабылданады", — деп хабарлайды аймақ
бойынша РФ ҚК Бас тергеу басқармасының
баспасөз қызметі.
Желі пайдаланушылары
ересектер балалардың төбелесіне
араласпағанына таң қалды.