Электр тогы ұрған оқушы қолынан айрылды

14 мамыр, 09:06

Достарымен бірге ашық трансформаторлық будкаға кірген алтыншы сынып оқушысы мүгедек болып қалды.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай 1 мамыр күні көпқабатты үйдің ауласында орын алды. Балалар ойын кезінде қауіпті объектіге жақын барып, кері шегінгенде, Кириллді бутка өзіне қарай тартқан.

Көршілер болса сол бір күнді қорқынышпен еске алады. Олардың айтуынша, Кириллді электр тогы ұрып, бутка арлы-берлі лақтырған. Ол будкадан қолдары қап-қара болып, күйіп шыққан.

Бала бірден облыстық балалар ауруханасының реанимация бөліміне жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Кирилл Прудниковтың сол қолын кесуге тура келген.
Көп қабатты үйлердің тұрғындары трансформаторлық будкалардың көп жылдардан бері ашық тұрғанын айтады. Қауыпті нысанға құлып қайғылы оқиғадан кейін ғана қойылған.