​Тұңғыш Президент отставкаға кеткен соң да белсенді қызметін жалғастыруда

27 наурыз, 15:00

Осыдан бір апта бұрынғы отставкасына қарамастан Нұрсұлтан Назарбаев белсенді жұмыс істеп, кездесулер өткізуде, телефонмен сөйлесуде. Оның қызметі туралы Ақорданың сайтынан оқуға болады. Президент қызметінен кететіні туралы жариялаған соң 7 күннің ішінде Нұрсұлтан Әбішұлы басқа мемлекеттердің басшыларымен бірнеше рет телефонмен сөйлесіп, көпшілік іс-шараларға қатысты.

Бұл аптада Назарбаев ондаған телефон байланысын орнатты – Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен, Әзірбайжан басшысы Илхам Әлиевпен, Реджеп Тайып Ердоғанмен, Армен Саркисянмен, Владимир Путинмен, Петр Порошенкомен, Анджей Дудамен және Түркияның экс-президенті Абдулла Гюльмен сөйлесті. Елбасы Реджеп Тайып Эрдоғанмен сөйлесу кезінде бір-бірін Наурызбен құттықтады.
Ал қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен Нұрсұлтан Назарбаев Наурыз мерекесін қарсы алуға қатысты. Елорда тұрғындары мен қонақтарын, бүкіл қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.
Елбасы 25 наурыз күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының атқарушы директоры қызметіне Әсер Исекешовты тағайындады, бұған қоса Назарбаевтың шешімімен оның кеңсесінде бөлім жетекшілері тағайындалды.
Нақты айтқанда Айдос Үкібай Елбасының баспасөз хатшысы, ал Арслан Дандыбаев протокол шефі болды. Ал 26 наурыз күні Алматы жастарымен кездесу болды. 2000-ға жуық студент Нұрсұлтан Назарбаевты әуежайда қарсы алды. Жастар Елбасыға алғыс айтуға келген.
(Фото - Алмаз Төлеке)