18 ақпан, 14:37
Сәби босанған соң жұмысқа шықпайтын аналарға тағайындалатын жәрдемақылар:
- Сәби босануға байланысты бір реттік жөргекпұл, оның мөлшері бірінші, екінші және үшінші балаға - 95 950 теңге, төртінші және одан кейінгі балаларға - 159 075 теңге.
2018 жылы мұндай жәрдемақыны 395 мың адам алған. Соңғы 3 жылда бұл жәрдемақының мөлшері 38%-ға өсті. 2019 жылы осы жәрдемақыны төлеуге 42 млрд теңге қаралған.
– Бала 1 жасқа толғанша ай сайын төленетін жәрдемақы, оның мөлшері баланың кезегіне байланысты 14 544 теңгеден 22 476 теңгеге дейін.
2018 жылы 125 мыңнан астам адамға 30 млрд теңге көлемінде осы жәрдемақы төленген. Соңғы 3 жылда бұл жәрдемақының мөлшері 19%-ға өсті.
Ал 2019 жылы бұл жәрдемақыға 34 млрд теңге қаралған.
Төлемдерді тағайындау үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруға, сондай-ақ, электронды үкімет порталы арқылы рәсімдеуге болады.
2018 жылы ҚР Еңбек және әлеуметтік министрлігі бала босануға қатысты проактивті қызметті іске қосты. Енді сәби босанған аналарға жолға, кезекке уақыт кетіріп, құжат жинаудың қажеті жоқ, себебі бұл төлемақыны SMS хабарламаның көмегімен 5 минутта рәсімдеуге болады. Жауап SMS хабарлама сәбидің анасының телефонына келеді.