Қыз Facebook желісіндегі "НеМолчи.kz" парақшасында мұндай қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуға шақырады, деп хабарлайды Elitar.kz.
"Жаңалықтарды оқыдым, БАҚ-тарда көрсетілген репортаждарды көрдім, сіздердің көмектеріңізбен бұл қылмыстың халық арасында шу шығарғанын түсіндім! Елімізде бірде-бір әйелдің, бірде-бір баланың мұндай зорлық көрмеуін қалаймын, олардың қорғайтын адамдар бар екенін сезгенін қалаймын", - делінген жазбада.
Зорлыққа ұшыраған әйел мұндай қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуға шақырады
"Өзім көп оқыдым, көп жұмыс істедім, бірнеше елде болдым, әр елдің мәдениетін көріп-біліп, өз еліме үнемі сүйіспеншілікпен оралатынмын. Елімде мені қорғайтын адамдардың бар екеніне сенетінмін. Бірақ кез келген жерде кез келген сәтте қайғылы жағдайдың құрбаны болуы мүмкін екен. Сол түндегі оқиғадан кейін өмірімде енді сұмдық ештеңе болуы мүмкін емес. Осыған байланысты мен, зорланған келіншек ретінде, еліміздің басшылығына және ҚР Парламентінің депутаттарына сексуалдық зорлық жасағандарға жазаны күшейтуді сұраймын. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінен зорландарға қатысты іс бойынша тергеудің жүру процесін бақылайтын бірыңғай алгоритм ойластыруды сұраймын", - деп жазды ол.