Арыс қаласы арқылы жүретін пойыз қозғалысы қалпына келтірілді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде өткен брифингте "Жолаушылар тасымалы" АҚ сервис және клиенттермен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Әлібек Сұлтанов мәлімдеді.
"24 маусымда төтенше жағдай орын алды. "Жолаушылар тасымалы" қиын жағдайда қалды . 3 күн бойы үлкен жұмыс жүргізілді, себебі Арыс станциясы Түркістан мен Шымкентті байланыстыратын тораптық бағыт болып табылады. Онда қозғалыс болған жоқ, сондықтан жолаушыларды тасымалдау үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Бүгінгі күні қозғалыс ашық. Қазір" Жолаушылар тасымалы" кесте бойынша қозғалысты қалпына келтіру үшін барлық шараларды қабылдауда", - деді Әлібек Сұлтанов.