20 ақпан, 15:38
Әлеуметтік желілерде Ақтөбедегі балабақшалардың бірінен өрт шығып, балаларды қауіпсіз жерге шығару сәтінің видеосы пайда болды.
"Әсем" балабақшасындағы өрт туралы ақпарат 102 пультіне бүгін келіп түскен.
Оқиға орнына дереу полиция тобы жетті. Ғимарат ішінен түтін шығып жатқаны анықталды. Полицейлер іштегі балаларды сыртқа алып шығып, патрульді полицияның автобусына жеткізген.
Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.