Ол Сарығаш ІІБ-да біліктілігі төмен тергеушілер жұмыс істейді деп санайды, себебі бұл алғашқы зорлау фактісі емес. Айман Омарова Түркістан облысы Абай ауылындағы 16 жасар жеткіншекті зорлауға қатысты іске назар аударуды сұрап, Бас прокуратураға өтініш жасап отыр.
"Мен Бас прокурордан 16 жасар баланы зорлауға қатысты істі арнайы прокуратураға алдыруды сұраймын. Бұл іс Түркістан облыстық полиция департаментінде емес, арнайы прокуратурада тексерілуі тиіс", - дейді Айман Омарова.
Ең сорақысы, Түркістан облысы Абай ауылындағы соңғы жылдардағы істерді сол бір тергеушілер тергеген, деп санайды заңгер Құрманғазы Мүсір.
"Тәжірибе көрсеткендей, бұл тергеушілер істі ашып, әділдікті орнатуға емес, керісінше, мүмкіндігінше істі жауып, қылмыстық тергеуді тоқтатуға тырысады. 2018 жылдың 16 наурызында біз БАҚ-та 7 жасар баланы зорлауға қатысты мәлімдеме жасаған соң тергеушілердің барлығы, олардың бастықтары, полиция бөлімі бастығының орынбасары бір ауыздан зорлық болмады деп мәлімдеді, - дейді Түркістан облысының заңгері Құрманғазы Мүсір. - Абай ауылындағы 7 жасар баланы зорлау ісінде де, 16 жасар баланы зорлау ісінде де сол бір тергеушілердің аты-жөндері жүр. ІІМ неліктен бұған назар аудармайды? Мүмкін дәл қазір бір азаматтар осы тергеушілерге зорлық бойынша арызданып, ал олар сол істер туралы біз білмеу үшін барлығын жасап отырған болар?"
16 жасар жеткіншекке қатысты оқиғаға оралған Айман Омарова бірқатар жаңа мәліметті айтты.
"25 қаңтар күні маған видеода көрінген ер кісінің жұбайы қоңырау шалды. Енді өзі жұбайымын деп таныстырды. Ол менің неліктен бұл видеоны жариялағанымды сұрады. Күйеуі сол кезде қызбен кездескен дейді. Ал мен бұл видеоға қоса оның осы жігітпен кездесу туралы келіскенінің аудиосы бар екенін айттым. Бірақ, онда адамдардың аттары аталатындықтан, оны жариялай алмаймын дедім. Бұл әйел маған не үшін қоңырау шалды деген ой келді. Яғни, оның күйеуі видеодағы адамдардың беттері жабылғанына қарамастан өзін таныған ғой. Бұл әйел күйеуінің өзі құрбан болды деп отыр", - дейді Айман Омарова.
15 қаңтар күні әлеуметтік желіде 16 жасар баланы зорлады деген кісінің видеосы пайда болды. Оны баланың ата-анасы ұстап алған.
Фото ашық дереккөздерінен алынды