Канаданың Премьер-министрі 18 жыл бұрынғы фотосы үшін кешірім сұрады

20 қыркүйек, 13:39

Канаданың Премьер-министрі Джастин Трюдо 18 жыл бұрын түсірілген фотосуреті үшін кешірім сұрады. Суретті Time журналы жариялады.


"Маған жақсылап ойлану керек еді, бірақ мен мұны жасамадым, ал енді ойланбағаным үшін өкініп отырмын. Мен Аладдин киімін киіп, грим жаққан болатынмын. Мен мұны жасамауым керек еді»,-деді ол.
Журналистердің фотосуретті нәсіпшілдік қатарына жатқызасыз ма деген сұрағына Трюдо: "Иә, бірақ мен ол кезде бұны расизм деп санаған жоқпын. Қазір ақылдырақ бола түстік" деп жауап берді ол.

"Осындай жағдайлар бұрын да болған ба?" деген сұраққа Трюдо орта мектепте оқып жүрген кезінде таланттар шоуында грим жаққанын айтты.