Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметтік борышын атқару кезінде көз жұмған Қостанай облыстық Полиция департаментінің Қостанай аудандық полиция бөлімінің полицейі Дархан Базарбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды, деп хабарлайды Ақорда.
Естеріңізге салсақ, 19 қаңтар күні полицей Дархан Базарбаев қызметтік міндетін атқару кезінде қаскөйдің қолынан көз жұмды.
Отбасында жанжал шығып, патрульдік полиция экипажы шақырылған. Көз жұмған сержант Дархан Базарбаев әріптесі Амангелді Сыздықовпен бірге жанжал шыққан үйге жетеді. Бұған дейін сотталған 28 жастағы ер адам мас күйде бүтін отбасын пышақпен қырып салатынын айтып қорқытқан. Ер адамның қолындағы пышағын алып қойған сәтте полицей Дархан Сыздықов жүрек тұсынан жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Марқұмның артында әйелі мен төрт айлық баласы қалды.