Қазақстан Президенті қытай телеарнасына сұхбат берді

10 қыркүйек, 11:33

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қытайлық CCTV телеарнасына сұхбат бергені туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

“Мемлекет басшысы қазақ-қытай қатынастарының даму перспективаларына қатысты өз пікірімен бөлісті.

Күн тәртібіндегі екі жақты мәселелерден бөлек, қытайлық журналистерді Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі халықаралық қатынастардағы Қытайдың рөліне, ҚХР-ның 70 жылдық мерейтойы қарсаңындағы жетістіктеріне берген бағасы аса қатты қызықтырды. Сондай-ақ Президент өзге де жеке мәселелерге қатысты сауалдарға жауап берді" деп жазды Берік Уәли.

Қасым-Жомарт Тоқаев сауалдарға қазақ және қытай тілдерінде жауап берді. Сұхбат CCTV телеарнасында көрсетілетін болады.