Бұл туралы Президент Парламенттің біріккен отырысының VI шақырылымының 5-сессиясы барысында айтты, деп хабарлайды Elitar.kz.
«Елімізде мүмкіндігі шектеулі 80 мың бала бар. Үкімет сал ауруына шалдыққан балаларды медициналық және әлеуметтік тұрғыдан қолдау жұмысына маңыз беруі тиіс. Мен бұл туралы өзімнің сайлау алдындағы тұғырнамамда айттым. Енді Үкіметке бұл бағытта алдағы үш жылда 58 млрд теңге бөлуді тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, 10 тамыз күні Тоқаевтың алғаш рет Қазақстан халқына Жолдау жариялайтыны хабарланған болатын.
"2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеледі", - деп жазған болатын Президент Twitter желісінде.