Президент: Наразылық білдірген мұғалімдерге таңғалудың қажеті жоқ

14 қараша, 13:00

Ақмола облысына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте мұғалімдерді қолдау керектігін айтты, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

"Мұғалім - білім беру жүйесінің негізі. Балаларымыздың білім деңгейі - осы салаға жасалған жағдайға тікелей байланысты болмақ. Сондықтан мұғалімдердің наразылығына таңғалудың қажеті жоқ. Білім және ғылым министрлігі мен жергілікті атқарушы орган мұғалімдерді шынайы түрде қолдауы керек», - деді Президент.