Президент Жамбылдағы автобус апатынан көз жұмғандардың туыстарына көңіл айтты

20 сәуір, 13:57

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы, Қордайдағы жол апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Elitar.kz.

«Қордай тас жолында аса ірі жол апаты болды. Өзбекстанның 11 азаматы көз жұмды, жараланғандар аз емес. Марқұмдардың туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Өзбекстан Президентіне көңіл айту жедел хатын жолдадым. Жолдарымыздағы жағдай алаңдаушылық туғызады, мен ол туралы ІІМ отырыстарында айтқанмын. Осыған байланысты Үкіметке шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, бүгін, 20-сәуір күні таңғы уақытта Қордай маңында жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, салдарынан 11 адам қаза тапты.