Президент полиция департаментінің басшысына қатысты тексеру жүргізуді тапсырды

15 мамыр, 15:44

​Атырау облысы полиция департаментінің басшысы Аян Дүйсембаевқа қатысты тексеру жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз парақшасында хабарлады.

"ІІМ Е.Тұрғымбаевқа Атырау облыстық полиция департаменті бастығының ерсі әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырдым. Қатаң шара қолданылатын болады", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Естеріңізге сала кетейік, желіде Атырау облыстық полиция департаменті бастығы Аян Дүйсембаевқа ұқсайтын адамның сыйлыққа жылқы мініп жатқан видеосы тарап кеткен болатын. Видеода ер кісі қол шапалақпен атқа мінеді, топ ішінде полиция формасын киген адамдарды көруге болады. ІІМ қызметтік тергеуді бастады.


Дерек көзі: prezident-poruchil-provesti-proverku-v-otnoshenii-rukovoditelya-departamenta-policii