Жұмыс сапары барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын Арал теңізінің проблемаларын болдырмау және оны құтқару үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың Twitter-дегі ақпаратына ілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.
"Халық Арал теңізінің тағдырына алаңдаулы. Елбасының бастамасымен "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау" жобасы жүзеге асырылуда. Осы жобаның арқасында Көкарал бөгеті Кіші Аралдағы су деңгейі қалыпқа келді. Бірақ проблемалар мұнымен шектелмейді. Көкарал бөгетінің төменгі бөлігі Сырдария ағысымен бұзылады. Егер біз жедел шаралар қабылдамасақ, біз Кіші Аралдан айырылуымыз мүмкін. Осы уақытқа дейін жиналған 27 миллиард текше метр су жоғалмауы тиіс. Үкімет пен әкімдікке шаралар қабылдауды тапсырдым", - деді Президент.
Арал теңізінің деңгейі 1960-шы жылдардан бастап күрт төмендеп кетті. 1989 жылы Арал теңізі екі оқшауланған су айдынына - Солтүстік (кіші) және Оңтүстік (Үлкен) Арал теңізіне шоғырланды. Тартылғанға дейін Арал теңізі әлемдегі ең ірі көлдердің төртіншісі болатын.