Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа шалдыққандарды анықтап және емдеу шараларын жүргізуде аянбай еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлеріне алғыс айтты.
"Коронавирусты анықтау, науқастарды емдеу және вирустың одан әрі таралмауы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтамын. Үкімет осындай қызметкерлерге сыйақы беру шараларын қабылдайды" деп жазды Президент Twitter парақшасында.
Еске салсақ, 16 наурыз бен 15 наурыз аралығында коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин енгізіледі.