Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған үндеуінде айтты.
Елімізде кезектен тыс Президент сайлауы 9 маусымда өтетін болды.
"Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау маңызды қадам. Мен Елбасымен қос палата, Үкімет басшысымен кеңестім. Парламенттегі партия жетекшілерімен кездестім. Біз Елбасымыздың арқасында Тәуелсіз қуатты мемлекет құрдық ",-деген Қасым-Жомарт Тоқаев халықты алдағы сайлауға жауапкершілікпен қарауға шақырды.