Президенттік сайлауға түсетін кандидаттар 2 млн 125 мың теңге жарна төлеуі тиіс, деп хабарлайды Elitar.kz.
Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлім етті.
«Сайлау жарнасы ең төменгі 50 жалақыны құрайды. Соған сәйкес сайлау жарнасының сомасы- 2 млн 125 мың теңгені құрап отыр. Сайлау жарнасы кандидатқа ол лауазымға тағайындалған жағдайда немесе жалпы сайлауда 5 пайыздан астам дауыс жинағанда қайтарылады», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары.