Маминнің кеңесшісі Президент телерадиокешеніне басшы болып барды

27 тамыз, 10:30

Раушан Қажыбаева Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Elitar.kz.

"Раушан Жаңабергенқызы Қажыбаева Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің бас директоры болып тағайындалды. Бұған дейін Раушан Қажыбаева ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі, ҚР Парламент Сенаты төрағасының кеңесшісі, ҚР Парламент Сенаты баспасөз қызметінің жетекшісі, ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы, "Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры болып қызмет атқарды. Сондай-ақ республикалық "КТК" және "Қазақстан" телеарналарында жұмыс істеген", - делінген Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook желісіндегі жазбасында.