Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында орын алған жол апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Elitar.kz.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды.
"Қызылорда облысында автобус апатынан қаза тапқан адамдардың туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі. Жол қауіпсіздігі тиісті ведомстволар мен әкімдіктердің ерекше назарында болуы тиіс" деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, жантүршігерлік жол апаты бүгін таңғы уақытта орын алды. Оқиға салдарынан 8 адам жан тәсілім етіп, 21 адам ауруханаға жатқызылды.
«Қызылорда-Құмкөл» жолындағы автобус апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды.