Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі өкілдігінің басшысы болып Бейбіт Исабаев тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 1962 жылы 4 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстан СІМ Дипломатиялық академиясы бітірген. Мансабының басында БАҚ-да жұмыс істеді.
1994-1997 жылдары
- Алматы қаласы әкімінің орынбасары.
2002-2003
жылдары - Қазақстаннан "Орталық Азия
ынтымақтастығы" ұйымы қызметінің
мәселелері жөніндегі ұлттық
үйлестіруші.
2003-2006 жылдары -
Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі.
2006-2008
жылдары - Қазақстанның Түркия мен
Албаниядағы Елшісі қызметін қоса
атқарушы.
2008 жыл - Мәдениет
және ақпарат вице-министрі.
2008-2009
жылдары - Қазақстан президентінің
баспасөз хатшысы.
2009-2015 жылдары -
Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі.
2015
жылдың наурыз айынан - Қазақстанның
Әзірбайжандағы елшісі.