Президенттік жастар кадр резервінің жеңімпаздары шымкенттік шенеуніктер қатарын толықтырды

27 қаңтар, 13:30

Шымкент қаласында Президенттік жастар кадр резервінің жеңімпаздары бүгін жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің өкімімен Сергей Компаниец кәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Сергей Евгеньевич 1986 жылы дүниеге келген, білімі жоғары.

2009 жылы «Информатика және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Басқару институтын тәмамдаған.

2016 жылы Джордж Вашингтон университетінің ақпараттық жүйелер мен басқару технологияларының магистранты дәрежесін алған. Сол жылдары жылдың ең үздік бизнес студенттерінің бестігіне кірген.

2011 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша академиялық инновациялық университетін бітірген.

Еңбек жолында ол ҚР «Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпараттық-тестілеу орталығы» мемлекеттік мекемесінде жүйелік инженері, орталық директорының орынбасары, содан кейін директоры болып қызмет атқарған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңсесі «Алмас» мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, «Учет Онлайн» ЖШС жобаларды басқару жөніндегі директоры және Шымкент қаласы әкімінің аппаратында ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы, «Shymkent» ӘКК төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Президенттік жастар кадр резервінің жеңімпазы атанған Олжас Шынтаев кәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Олжас Шынтаев 1990 жылы дүниеге келген, білімі жоғары.
Мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры- есеп және аудит.
Орыс, ағылшын, қытай тілдерін меңгерген.
Еңбек жолында «Ортон» ЖШС-нің менеджері, ОҚО туризм индустирясын дамыту орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ОҚО индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының бөлім басшысы, «Ontustik tourism center» КМК директоры, Түркістан облысы туризм және сыртқы байланыс басқармасының басшысы, «Qazaq Geography» республикалық қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарған.
(ФОТО: әкімдіктің баспасөз қызметі)