Қазақстан Президенттігіне жеті кандидаттың төртеуі теледебаттарға қатысатын болды.
"Ұлы дала қырандары" қозғалысының кандидаты Сәді-бек Түгел, Қазақстан кәсіподақтары федерациясының кандидаты Амангелді Таспихов, "Ұлт тағдыры" ұлттық-патриоттық қозғалысының өкілі Әміржан Қосанов және "Ауыл" партиясынан кандидат Төлеутай Рақымбеков бір алаңда кездесуге дайын.
Дебаттар 29 мамырда Нұр-Сұлтанда өтеді. Оларды "Хабар"телеарнасынан көруге болады. Теледебаттар 80 минутқа созылып, үш раундта өтеді. ОСК олардың тақырыптарын бекітті. Оларды өткізуге орта есеппен 41 млн теңге жұмсалмақ.
Пікірталасқа
Қасым-Жомарт Тоқаев, Дания Еспаева және
Жамбыл Ахметбеков қатысады ма, жоқ па,
әлі белгісіз.
9-маусым - Қазақстан Республикасы президентін сайлайтын күн.