Шымкентте полиция департаментінің қызметкерлері республикалық "Жолдағы қабылдау" акциясын өткізеді. Іс-шара халық арасында жол жүру ережелерін сақтау үшін жауапкершілік пен құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында өткізіледі, сондай-ақ қала тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілді.
Акция Мәделі Қожа
көшесіндегі халыққа қызмет көрсету
орталығының алдында 17 және 18 мамыр
күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін
өтеді.
Қала тұрғындарының сұрақтарына
полиция әкімшілік басқармасының,
көші-қон қызметінің әкімшілік тәжірибе
қызметкерлері, сондай-ақ азаматтық және
қызметтік қару айналымын бақылау
басқармасының өкілдері жауап береді.
Толық
ақпаратты мына нөмір бойынша алуға
болады: 8 (7252)30-10-30