Шымкентте бұрын сотты болған тұрғын Әділет департаментінде жұмыс істеп келген

26 қыркүйек, 14:12

Бұл туралы Шымкент қалалық прокуратурасының Әділет департаментінің қызметіне жүргізген тексеру кезінде белгілі болды.

"Тексеріс барысында «Корпорация Шым KZ», «Шым Сити», «Южная корпорация 2020» ЖШС-тері соттың шешімінсіз, департаменттің қызметкерлері арқылы таратылғаны анықталды.

Өз кезегінде Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы аталған заңды тұлғалардың («Корпорация Шым KZ»-1,4 млрд. тенге, «Шым Сити» ЖШС-1,3 млрд. тенге, «Южная корпорация 2020» ЖСШ-2,7 млрд. тенге) мемлекетке келтірілген залалдың 5,4 млрд. теңгеден астам сома шығын келтіргені туралы қорытынды жасаған.

Осылайша, департамент қызметкері мәжбүрлі түрде тарату туралы №11 және №12 және №13 бұйрықтары басқа заңды тұлғаларға қатысты болатындығын біле тұра деректер қорына жалған ақпарат енгізген" делінген қалалық прокуратураның баспасөз қызметі берген хабарламада.

Ерекше атап өтерлігі, аталған өзгерістер департамент қызметкерімен жасалғаны және ол қызметкердің 12.11.2012 жылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 175-бабы 2-тармағы бойынша (ескі кодекске сәйкес ұрлық бабы бойынша) жауаптылыққа тартылғаны анықталған.

Бұл дерек Әл-Фараби ауданы прокуратурасының АТК-не тіркеліп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы 2-бөлігі бойынша Әл-Фараби аудандық ПБ сотқа дейінгі тергеп-тексеруге жолданды.