Түркістан облысында АӘК тағайындауға құжаттарды қабылдау басталды

10 қаңтар, 14:12

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа моделі енгізілді. Ол үш бағытты қамтиды:

біріншісі – көпбалалы аналарды жеке санатқа шығару және оларға кепілді жәрдемақы беру, бұл ретте көпбалалы отбасы - аз қамтылған отбасы деген стереотип алынып тасталады.
екіншісі – аз қамтылған азаматтарды қолдау және оларды жұмысқа орналасуға ынталандыру;
үшіншісі - барлық атаулы әлеуметтік көмек алушыларға олардың балаларын қолдауды қамтитын кепілді пакет ұсынылатын болады.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың контингенті және осы мақсаттарға 2020 жылға арналған қаражат қажеттілігі анықталды.
Алдын ала болжам бойынша 2020 жылға арналған қаражат қажеттілігі 36,4 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмекке-25,2 млрд теңге (49 458 отбасы, 277 028 адам), кепілді әлеуметтік пакетке-11,2 млрд теңге (157 275 бала).

.

Халық арасында әлеуметтік шиеленіс пен дүрлікке жол бермеу мақсатында нақты дайындық жұмыстары жүргізілді:
- атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа моделі туралы түсіндіру жұмысы жандандырылды;
- облыстың әр аймағында халықтың жаппай жиналуына жол бермеу мақсатында қаңтар айында атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш берушілердің құжаттарын қабылдау кестесі бекітілп, ол стендтерге ілінген.
Айта кету керек, әлеуметтік көмек алуға құқығы бар барлық азаматқа құжаттарын тапсырған күніне қарамастан атаулы әлеуметтік көмек 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағайындалады.
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселесі облыс әкімдігінің жіті бақылауында. Осы мақсатта атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге қабылданған өтініштерді күнделікті есепке алу жүзеге асырылады.
2020 жылдың 5-6 қаңтар аралығында 480 адам атаулы әлеуметтік көмек бойынша кеңес алған, оның 425-і АӘК алу үшін өтініш білдірді.

Атаулы әлеуметтік көмек кірісі 2020 жылдың 1 тоқсанына белгіленген 20822 теңгеден тұратын кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тағайындалады.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қаңтарда қабылданған құжаттардың нәтижелері бойынша 2020 жылғы ақпан айының бірінші онкүндігінде бірінші рет берілетін кепілді әлеуметтік пакетті алушылардың тізімі қалыптастырылады.

АӘК тағайындау үшін қаңтар айында қабылданған құжаттардың нәтижелері бойынша 2020 жылдың ақпан айының алғашқы онкүндігінде кепілдендірілген әлеуметтік пакет алушылардың тізімі жасалады.