23 қаңтар, 10:41
3 969 200 тонна – Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары 2018 жылы осынша жанармай өндірген. Бұл 2017 жылғы көлемнен 30% көп және отандық мұнай өндірісінің рекордтық көрсеткіш.
Бұған дейінгі рекорд Қазақстан тәуелсіздігін енді алған кезеңде, 1991 жылы тіркелген. Сол жылы 3 561 200 тонна жанармай шығарылған. Айта кетейік, соңғы рекордтың орнатылуында Атырай мұнай өңдеу зауытының үлесі мол, мұнда бір жыл ішінде мұнай өнімдерін шығару үлесі 74%-ға артты.
Тиісінше, бензин көлемінің артуына қатысты 2018 жылы жанармай бағасы төмендеді, дегенмен, бар болғаны 0,5%-ға. Баға ұсыныстың арту мөлшеріне тең болмағанымен, ең бастысы, арзандау тіркелді. Осы арада айта кету керек, 2017 жылы қысқа уақытқа созылған бензиннің тапшылығы салдарынан Қазақстандағы баға 10,8%-ға өсті. Бұл Қазақстандағы инфляцияның позитив әсерге емес, бірқатар тауарлы нарықтағы ұсыныстардың негатив әсеріне бейім екенін көрсетсе керек. Сондықтан елдегі инфляцияны болжамдау барысында осы тәуекел үнемі назарда болуы тиіс.