Түркістан облысы Полиция департаменті КПБ мен Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлері бірлесіп жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, Сарыағаш ауданының аумағында орын алған жалғасқан пәтер ұрлығы және мал ұрлығы жасаған қылмыстық топтың жолын кесті.
2019 жылдың мамыр айында Сарыағаш АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын түн мезгілінде белгісіз біреулер терезе арқылы үйіне кіріп, миллион теңгеге жуық ақшасын алып кеткенін айтып, шағымданған. Ал, Сарыағаш ауданының басқа бір тұрғыны осы жылдың маусым айында қаскүнемдер 1,3 миллион теңгеге жуық ақшалары мен алтын бұйымдарын ұрлағандығы туралы арызданады.
Осы
тектес шағыммен полиция бөліміне
ауданның бірнеше тұрғыны хабарласты,
олардың да ақшалары мен бағалы заттары
ұрланған. Аталған жайт
Сарыағаш АПБ-не сотқа дейінгі
тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне
енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық»
бойынша тіркелді.
Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде полицейлер Сарыағаш ауданының үш тұрғынын күдікті ретінде қолға түсірді. Бүгінгі таңда тергеу нәтижесінде күдіктілердің 12 пәтер ұрлығы мен мал ұрлығына қатыстылығы айқындалды.
Ағымдағы
жылдың шілде айында күдіктілер Сарыағаш
ауданы тұрғынының қорасына кіріп, мал
қорадан 100 000 теңгеден астам тұратын 2
қойын ұрлап кеткен.
Қазіргі уақытта аталған ұрлық жайтына байланысты ҚР ҚК-нің «Ұрлық» 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығынның көлемі 4,5 миллион теңгені құрады. Күдіктілер тұтқындалды.