Пульт батарейкасын жұтып қойған 1 жасар сәби көз жұмды

10 қаңтар, 14:54

Атырауда теледидар пультінің батарейкасын жұтып қойған 1 жастағы сәби көз жұмды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, сәби ауруханаға ауыр халде түскен. Оның дем алуы қиын жағдайда болған. Дәрігерлер шұғыл тексеру жасап, сәбидің қандай да бір затты жұтып қойғанын анықтады. Ақ халаттылар баланың ішіндегі батарейканы рентген арқылы көрген. Оны отасыз әдіспен шығармақ болыпты. Алайда нәтиже болмаған. Отаның да көмегі тимеген. Баланың тыныс алуы нашарлап, жүрек ақауынан көз жұмды.