ҚР АШМ мекемесінің бөлім басшысына пара алды деген айып тағылды

15 қазан, 18:30

​ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ бөлім басшысы пара алды деген күдікке ілінді.

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мәліметінше, бөлім басшысы жалпы сомасы 2 296 000 теңге болатын мемлекеттік сатып алу бойынша «Өсімдіктерді бүрку» тауарларды қабылдау актісін кедергісіз қабылдап, қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерден 150 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.