ҚР Денсаулық сақтау вице - министрі Ләззат Ақтаева Түркістан облысына іссапармен келді

11 сәуір, 11:07

ҚР Денсаулық сақтау вице - министрі Ләззат Ақтаева "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" Басқармасының Төрағасы Айбатыр Жұмағұлов пен Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевпен бірге облыстық клиникалық аурухананы аралап шықты.

Қонақтар пациенттерге қызмет көрсету деңгейін, аурухананың техникалық жабдықталуын және Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасы ұжымының кәсібилігін жоғары бағалады.

Вице-министр облыстың денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдастырушылық жұмысына да оң баға берді, және оның дамуына өңірдің бас дәрігері Мұқан Егізбаевтың үлесін жеке атап өтті. Елордалық қонақтар қабылдау бөлімін, инсульт орталығын, аурухананың реанимациялық бөлімшелерін, ахуалдық орталық пен ОКБ оңалту бөлімшесін көрді.

Жұмысшы топ құрамында келген ҚР Денсаулық сақтау вице - министрлігі Ляззат Ақтаева және Медициналық сақтандыру басқармасының басшысы Айбатыр Жұмағұлов екі күнде Түркістан облысының бірқатар медициналық нысандарын аралады. Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Мұқан Егізбаев бірнеше аурухана, емхана және перзентханаларды аралап шығып, ондағы жағдаймен танысты.