ҚР Кәсіподақтар федерациясы Президент сайлауына өз кандидатын ұсынды

24 сәуір, 16:45

ҚР Кәсіподақтар федерациясы алдағы Президенттік сайлауға өз кандидатын ұсынды, ол Амангелді Таспихов, деп хабарлайды Elitar.kz.

Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы 1959 жылы 20 қарашада Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы Алматы көлік құрастыру зауытында инженер-технолог болып бастаған. Әр жылдары мемлекеттік қызметте басшылық лауазымдарда жұмыс атқарып, бизнес-құрылымдарда да еңбек еткен. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының, сондай-ақ ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаты болған. 2019 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігінің төрағасы.

«Құрмет» орденімен (2005 жылы), медальдармен марапатталған. Үйленген, екі баласы бар.