Әдеп бойынша сарапшы Арминас Лидека таяуда Президент портреттері Литваның мемлекеттік мекемелерінде басқа демократиялық елдерге қарағанда жиі кездеседі деп мәлімдеді. Мысал ретінде ол Литваның ішкі істер министрлігін атап, онда 20-дан астам президент портреттері барын айтты.
Елдің ІІМ басшысы өз ведомствосын қорғауға кірісіп, портреттер тек өздері қалаған шенеуніктердің кабинеттерінде ілініп тұрғанына сендірді.
Президент
кеңесшілері елде Мемлекет басшысының
портреттері қанша екенін айта алмады.
Олардың айтуынша, мұны есептеу мүмкін
емес, себебі олар мектептерде,
муниципалитеттерде және кітап дүкендерінде
де бар.
Литва Республикасын 2009
жылдан бастап Даля Грибаускайте
басқарады, бұған дейін ол бірнеше жыл
Литваның қаржы министрлігін басқарды,
әртүрлі уақыттарда білім және мәдениет,
қаржылық бағдарламалау және бюджет
мәселелері бойынша Еуропалық комиссар
болды. 2014 жылы ол 2019 жылы аяқталатын
екінші мерзімге қайта сайланды.
Ал,
Украинаның жаңадан сайланған президенті
өзінің ұлықтау рәсімінде шенеуніктерді
кабинеттеріне оның суреті бар портретті
ілмеуге шақырған болатын.