Республиканың тағы екі қала мегаполис атануы мүмкін. Бұл туралы XII Астана экономикалық форумының пленарлық отырысында Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
Ұлт Көшбасшысының пікірінше, жыл сайын урбанизация деңгейі өсуде, және бұл ірі қалалардың бүкіл ел экономикасына экономикалық әсерін арттырады.
"Қазақстан урбанизацияның жалпы
әлемдік тренді арнасында дамуда.
Ауылдарда халықтың 40% тұрады. Алайда
ауылда тек 20% жұмыс істейді. Біздің ірі
қалаларымыз өсіп келеді. Еліміздің
астанасы 20 жыл ішінде провинциялық
қалашықтан 180 мың адам тұратын мегаполиске
айналды", - деді Елбасы.
Ол екі
миллионнан астам тұрғыны бар Алматыны
Республиканың ең ірі қаласы болып
қалатынын айтты. Сондай-ақ, өткен жылы
Шымкент миллионды қала атанды.
"Біз
тағы екі қаланы осы деңгейге "тартамыз",
- деп қысқаша айтып өтті Назарбаев. Дәл
қандай қалалар мегаполис болатынын
нақтылаған жоқ.
Айта кетейік,
16-17 мамыр күндері Нұр-Сұлтан қаласында
XII Астана экономикалық форумы өтіп
жатыр, оның жұмысына 74 елдің бес мыңнан
астам сарапшылары, саясаткерлері,
бизнесмендері мен ғалымдары қатысады.