Мұханғалиев Қуанышбек Жанболатұлы ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Құрманғазы оркестрінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Elitar.kz.
Жаңа басшыны ұжымға Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Жоламанов Әбіл Тауфикұлы таныстырды.
Қуанышбек Мұханғалиев еңбек жолын қазақ мәдениетінің қара шаңырағы Құрманғазы оркестрінен бастап, біраз жыл қатарынан ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде және Батыс Қазақстан облысының Мәдениет басқармасында қызмет атқарған.
Қуанышбек
Мұханғалиев - Құрманғазы атындағы Қазақ
ұлттық консерваториясының және Батыс
Қазақстан инновациялық-технологиялық
университетінің түлегі.
Республикалық және
халықаралық конкурстардың лауреаты,
Қазақстан Республикасының "Мәдениет
саласының үздігі" құрметті белгісінің
иегері.