Нұр-Сұлтанда төртінші ақпанда времянкада болған өрттен қайтыс болған бес қыздың ата-анасы қаралы оқиғадан жарты жыл өткен соң, ашық сұхбат берді. Видео қоғам қайраткері Тәңірберген Бердоңғаровтың YouTube-каналында пайда болды.
Өрт времянкада түнде тұтанған. Бұл уақытта бес қыздың ата-анасы жұмыста болған.
Қайтыс болған қыздардың анасы Жанымгүл сол қорқынышты күнді есіне алды.
Әйелдің сөзінше, түтінді байқаған үлкен қызы оған хабарласып, "Біз өртеніп жатырмыз!" деген. Сөйтіп, телефонды дереу қойып қойған.
"Мен ештеңе түсінбедім, бәріне хабарласа бастадым. Біраз уақыттан кейін маған туысқан сіңілім хабарласып, олардың өртеніп жатқанын, тіпті айқайламайтынын айтты. Мен жұмыстан үйге келемін дегенше, бәрі де кеш болды. Үйден тек түтін ғана көрінгенін, терезені сындырғанда өрт басталғанын айтты. Егер, бірден өрт болғанда, көршілер байқайтын еді", - деді көз жасын ұстай алмаған әйел адам.
Қайтыс болғандардың ата-анасы үйде балалардың жалғыз сирек қалатынын айтқан. Бұл түні балалармен әкесі отыруы керек болған, алайда оны аяқ астынан жұмысқа шақырып алыпты.
"Мен таңғы жетіге дейін ненің не екенін түсінбедім. Маған балалар тірі, ауруханада деп айтты. Тек таңертең ғана күйеуім маған хабарласып, балаларымыздың енді жоқ екенін айтты. Мені көлікте ұстады. Оларды қалай алып кеткенін көрген жоқпын. Оларды қазір көріп қаламын деп ойлап отырдым.
Туысқандарымыз бізді таңертеңгісін бірден үйлеріне алып кетті. Өртенген времянкаға екінші күні бардық, ол кезде балаларды мәйітханадан алып кеткен. Мүмкін, осы себепті де, олар әлі біздің қасымызда жүргендей сезінетін шығармыз", - дейді қыздардың анасы.
Қайтыс болған қыздардың ата-анасының сөзінше, қаралы оқиғадан жарты жыл өткен соң олардың тек тұрмыстық жағдайы өзгерген. Халықтан жиналған ақшаға екі бөлмелі үй сатып алынған.
Желі қолданушлыраның басым бөлігі отбасымен бірге қайғырып, қолдарынан келгенше көмек берген.
Болашақта ерлі-зайыптылар тағы да балалы болуды, тіпті, балалар үйінен асырап алуды жоспарлап отыр.