​Нұр-Сұлтандағы жол апаты: Қаза тапқандардың туыстарына көмек беріледі

27 наурыз, 13:30

Қалалық әкімдікте өткен брифингте «Astana LRT» ЖШС басқармасының төрағасы Бекмырза Игенбердинов Нұр-Сұлтандағы ірі жол апатынан қаза тапқандардың туыстарына фирма көмектесетініне уәде беретінін айтты. Еске салайық, жолаушылар көліктері мен жеңіл көліктердің қатысымен орын алған жол апаты 26 наурызда болды. Бекмырза Игенбердиновтің айтуынша, әр автопарк жолаушыларды да, жүкті де сақтандырады. Медициналық сараптама жүргізілген соң сақтандыру компаниясына сұраныс жасалады.
«Өзіміздің тарапымыздан, бірінші автопарктен біз марқұмдардың туыстарына міндетті түрде көмектесеміз. Қыздың денесін жеткізу және тағы басқа қажет мәселелерде қолдаймыз», - деді «Astana LRT» ЖШС басқармасының төрағасы.
Брифингке қатысқан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Камалжан Надыров жол апаты болған жерде 15 жедел жәрдем бригадасы болғанын айтты.
«Жол апатына жедел жәрдем қызметінің көлігі де ұшырады. Көліктер соғысқан соң ол бригада оқиға орнына басқа жедел жәрдем бригадаларын шақырып, өздері де көмек көрсете бастады. Алғашқы бригада 4 минутта жетті, қалғандары тез арада келіп, толық медициналық көмек көрсетті», - деді Бекмырза Игенбердинов.
Фельдшердің бірі жабық бас-ми жарақатын алса, оның әріптесі тізесін жарақаттап алған. Медициналық қызметкерлер дәрігердің тексеруінен соң амбулаториялық ем алуға жіберілді.
Екі адам қаза тапқан. Олар автобустың 53 жастағы жүргізушісі Абай Оспанов пен 26 жастағы жолаушы Айзат Нүркенова. Жас келіншектің жасы кәмелетке толмаған баласы қалды.