Роман Скляр: Bek Air компаниясының жұмысы тоқтатылды

27 желтоқсан, 17:10

Алматыда өткен брифинг кезінде ҚР Премьер министрінің орынбасары Роман Скляр орын алған апатқа қатысты жан-жақты тексеру шаралары қолға алынғанын, мән-жай анықталмайынша "Бек Эйр" компаниясының қызмет көрсетуіне шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Elitar.kz.

«Ұшақ 1996 жылы шыққан. Ұшу жарамдылығы туралы сертификаты мен куәлігі биыл мамыр айында ұзартылған. Бұл әуе кемесі қазақстандық реестрде 2016 жылы 26 тамызда тіркелген. Барлығы Bek Air компаниясында 10 әуе кемесі бар. Олардың 9-ында ұшу жарамдылығы сертификаты бар. ҚР Авиация комитеті Bek Air компаниясының жұмысын уақытша тоқтатты», - деді Роман Скляр.