Қоқысты фотошоппен тазалаған шенеуніктер ұятқа қалды

06 наурыз, 10:30

Ресейде Ростов облысының шенеуніктері фотосуреттердегі қоқысты фоторедактормен алып тастап, қала тұрғындарын таң қалдырды.

Қоғам белсенділері Неклиновский ауданы әкімшілінің қызметкерлері фотосуреттердегі қоқыстарды фотошоппен алып тастап, үш қоқыс орнында сенбілік өткені туралы хабарлағанын анықтады.

Бірақ, сол орындарға арнайы барған белсенділер қоқыстың орнында жатқанын анықтады. Облыстық табиғи ресурстар және экология министрлігі әкімшілік қызметкерлеріне қатысты «Экологиялық ақпаратты жасыру немесе өзгерту» бабы бойынша хаттама толтырды.