Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Шымкент қалалық департаментіндегілер жергілікті полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға жедел уәкілі, полиция капитанына қатысты сотқа дейін тергеу жұмыстарын бастады. Оған бопсалау жолымен пара алды деген айып тағылып отыр.
Күдіктінің пара алып жатқан сәтінің видеосы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің YouTube каналында жария етілді.
Агенттіктің мәліметінше, полиция капитаны бұл қызметке әріптестерінің арасында сыбайлас жемқорлықпен күресіп, ескерту-алдын алу жұмыстарын жүргізуі үшін ішкі істер министрінің бұйрығымен тағайындалған. Алайда бұл жолы өзі патрульдік полиция инспекторынан боспалау жолымен 500 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Ол бұл ақшаға инспекторды жұмыстан шығару түріндегі тәртіптік жауапкершіліктен босатып, алдағы уақытта оған қамқорлық көрсетпекші болған.
Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасуда.