Рудный балалар үйіне күтпеген жерден келген құқыққорғаушылар жағасын ұстады

27 тамыз, 10:37

Nur Otan партиясы жанындағы балаларды қорғау жөніндегі республикалық кеңестің сараптама тобы мекемеге кенеттен келіп, бірқатар кемшіліктерді анықталды. Бұл туралы Астана телеарнасына сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.

Мекемеде антисанитария орнаған. Қызметкерлер мүмкіндігі шектеулі балаларды серуендеуге алып шықпайтындарын айтқан. Балаларды аттарымен емес, нөмірлері бойынша атаған

Паллиативтік топтағы балалардың денесі ойылған. Жетімдердің бірі өз құсығында жатыр.
Облыс әкімдігінің шешімімен тәрбиеленушілер Қостанайға ауыстырылады.