"Шымкент - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы тағайындалды

06 мамыр, 16:56

«Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы болып Жани Қамбар тағайындалды.

Қамбар Жани Сайдуллаұлы Шымкент қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. "Жастар ресурстық орталығы" КММ-де түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
Жобалық кеңсе басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары болған.
Сонымен қатар, Ж.Қамбар Шымкент қаласы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.
Айта кету керек, "Шымкент-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметі қоғамдағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және мегаполистің мемлекеттік органдарына азаматтардың сенімін арттыруға бағытталған.