06 ақпан, 12:15
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары мен ШҚО әкімі аппараты заң бөлімінің басшысына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Олар ЖШС өкілінен жалпы қамқорлығы мен "2017-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту" мемлекеттік бағдарламасы аясында көмек көрсеткені үшін 35 млн. теңге көлемінде пара алды деп күдіктенеді.
Аталған лауазымды тұлғалар мен ЖШС өкілі ұсталды және Өскемен қаласында уақытша қамауға алынды. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.
Күдіктілердің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.