2020 жылдан бастап көпбалалы отбасылар салықты аз төлейтін болады

06 мамыр, 13:00

Келесі жылы көпбалалы ата-аналар 62 712-ге дейінгі мөлшерде салық шегерімін алатын болады. Осы сома мөлшерінде олардың кірістеріне салық салынбайды, бұл отбасының табысын анағұрлым арттырады.

Егер ата-анасының біреуі ғана жұмыс істесе, шегерімнің ең жоғарғы мөлшері 60 099 теңгені құрайды. Жұмыс істейтін екі ата-ананың әрқайсысына 31 356 теңгеден шегеріледі. Бірақ, екі ата-ананың да жиынтығында шегерім жылына 736866 теңгеден аспауы тиіс, бұл отбасының табысын жылына шамамен 73 мың теңгеге ұлғайтады.


Өзгерістер "Салық кодексінің" 347-бабында көзделген, ол 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асады. Көпбалалы отбасы үшін салық шегерімі ата-анасының екеуінде де жиынтығында күнтізбелік жыл үшін белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде, мынадай тәртіптердің бірінде қолданылады:

1) көпбалалы отбасының ата-анасының біріне әр ай үшін 23 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;.

2) көп балалы отбасының әрбір ата-анасы әр ай үшін 12 есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

Егер 2020 жылдың 1 қаңтарына отбасында төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бала болса, бұл ақпарат осындай балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерімен расталған жағдайда шегерім қолданылады.

Бұдан басқа, МКК қаржы Министрінің бұйрығымен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін салық шегерімдерін қолдану туралы жеке тұлғаның өтінішінің нысаны бекітілгенін атап өтті. Бұл өтінішті жұмыс берушіге ұсыну қажет.