Сайлауға келген шымкенттіктер саны Нұр-Сұлтан мен алматылықтардан басым түсті

09 маусым, 15:12

Сағат 14.00-ге дейінгі жағдай бойынша еліміздегі үшінші мегаполис тұрғындарының 40,5 пайызы дауыс беріп үлгерген. Бұл көрсеткіш Алматы қаласы бойынша – 37,0 %, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 37,6 %. Осылайша Шымкент тұрғындары қалған екі мегаполис тұрғындарына қарағанда дауыс беру көрсеткіші бойынша оқ бойы озық тұр.

"Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен Астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, сағат 14.00 – дегі жағдай бойынша сайлаушылардың жалпы санының 51,8% - ы сайлау бюллетеньдерін алды", - деп хабарлады ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина.

Республика бойынша көрсеткіш:

Ақмола облысы бойынша – 56,7 %

Ақтөбе облысы бойынша – 69,4 %

Алматы облысы бойынша – 63,0 %

Атырау облысы бойынша – 45,4 %

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 59,8 %

Жамбыл облысы бойынша – 56,3 %

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 40,9 %

Қарағанды облысы бойынша – 49,7 %

Қызылорда облысы бойынша – 63,1 %

Қостанай облысы бойынша – 55,8 %

Маңғыстау облысы бойынша – 52,4 %

Павлодар облысы бойынша – 45,9 %

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 53,6 %

Түркістан облысы бойынша – 49,3 %

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 37,6 %

Алматы қаласы бойынша – 37,0 %

Шымкент қаласы бойынша – 40,5 %