Тіркелген неке саны бойынша Түркістан облысы көш бастады

14 маусым, 11:48

​Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 27,9 мың қазақстандық заңды некеге тұрған, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,8% - ға аз, деп жазады​ Ranking.kz.​

Басылымның мәліметтері бойынша, қалалардағы некелердің үлесі 67%-ды немесе 18,7 мыңды құрайды, бұл өткен жылға қарағанда 1%-ға көп. Ауылдық жерлерде олардың үлесі 33%-ға тең немесе 9,2 мың. 2018 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 7,1%-ға кем.

2019 жылдың бірінші тоқсанында некелердің ең көп саны Түркістан облысы мен Алматыда тіркелген: 3,4 мыңнан астам. Үшінші орында Алматы облысы: 3 мың неке.

Қазақстанның 17 өңірінің тек екеуінде ғана неке санының өсуі байқалды: . Олар: Алматыда (7,4% - ға) және Ақтөбе облысында (3,5% - ға).

2019 жылдың бірінші тоқсанында ажырасу саны 2,7%- ға (13,1 мыңға дейін) қысқарды. Бұл ретте некені бұзудың ең көп саны қалалық жер тұрғындары арасында - 74,3% немесе 9,7 мың ажырасу тіркелді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 3,8%-ға кем. Ауылдық жерлердегі ажырасу саны 0,6%-ға, яғни, 3,4 мыңға дейін өсті. Ажырасу саны бойынша Алматы (1,7 мың) және Алматы облысы (1,4 мың) көш бастап тұр, үшінші орында Қарағанды облысы (1,2 мың).

Ажырасу саны еліміздің 17 аймағының бесеуінде: Ақмола облысында 6,7% - ға, Ақтөбе облысында 6,1%-ға, Жамбыл облысында 5,7%-ға, Алматыда 3,1%-ға, Нұр Сұлтанда 2%-ға өсті.