Әлемдегі ең қымбат қара қарбыз сатылып кетті

14 маусым, 18:00

​​"Дэнсукэ" сортты қарбыздарды сату бойынша алғашқы аукцион өтті. Оның жасыл қарбыздардан айырмашылығы, олардың қабығы қара түсті. Жидекті сату жұма күні жапондық Асахикава мен Саппоро қалаларының басты нарықтарында өтті.​

Асахикавада өткен сауда жаңа рекордпен аяқталды. Салмағы 11 кг жуық бір қарбыз 750 мың иенге сатылды. Шамамен 7,2 мың АҚШ доллары. Бұл 2008 жылы Хоккайдода орнатылған алдыңғы жетістіктен мың долларға қымбат. Өнімді жергілікті супермаркеттердің бірі сатып алған.

Қарбыз ерекше сопақ пішінді және фирмалық қызыл қорапқа салынған, "Дэнсукэ" атаумен жапсырмасы бар. Бұл сорт ешбір сызығы жоқ қою қара қабығымен ерекшеленеді. Қарбыз еті ашық қызыл және сүйектері тым аз.