​Санкт-Петербургте жүк көлігінде асылып қалған қазақстандықтың денесі табылды

11 желтоқсан, 09:44

Қайтыс болған ер азамат жүк көлігінің жүргізушісі болған.

Невские новости порталының таратқан мәліметінше ер кісінің мәйіті Фрунзо ауданындағы софиялық көкөніс базасынан табылған. Жүргізуші Mercedes-Benz Actros көлігінің төбесіндегі люкке байланған күртенің бауына асулы тұрған.

Көлік жүргізушісі 4 желтоқсанда Қазақстаннан Санкт-Петербургке пияз тасымалдапты. Құзырлы органдағылар өлім себебін анықтау үшін қазақстандық азаматтың денесі сот-медициналық сараптамаға жеткізілді.

ФОТО: zabavnik.club